1 Наурыз алғыс айту күні » Абай атындағы негізгі мектебі
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы негізгі мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » 1 Наурыз алғыс айту күні
06
March
2018

1 Наурыз алғыс айту күні

Абай атындағы негізгі мектебінде 2018 жылдың 01наурыз күні мектеп кітапханасындағы Алғыс айту күні атты акциясының мәліметі.
1 наурыз күні Елбасы бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтуді ұсынған еді. Алғыс айту күні- барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні ғана емес, бұл балалардың ата-анасына деген алғысы, әрбір адамның отбасына деген алғысы. Бұл күні кітапханамызда «Алғыс айту күні» атты акция өтті. Кітапханашылар өз оқырмандарын жылы шыраймен қарсы алып, оларға жаңа мереке туралы мәлімет беріп, Қазақстанда тұратын барша халыққа арналған кітаптармен таныстыра отырып 9 сынып оқушысы Абдрахман Тоқжан мен Оразалы Айша «Туған еліме мың алғыс» тақырыбында жазған эсселерімен акцияға келген қонақтарды тәнті етті. Давлатназарова Кутилебика алғыс күніне орай елбасы Н.Назарбаевқа арнау оқыды. Акцияны қорытындылай келе, кітапханашы К.Ибадильдаева бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, кеш қонақтарына оқушылардың өз қолымен жасалған гүлдерін табыс ете отырып, ризашылығын жеткізді.
Соңында «Рухани азықтың бастауы-кітапхана» атты кітап көрмесіне қойылған жаңа оқулықтарға библиографиялық шолу жасалды.


Орындаған: К.Ибадильдаева

Похожие публикации:

24 November 2017 Мектеп Ұжымы
23 November 2017 schedule of lessons
23 November 2017 Құжаттар