06
март
2018
1 Наурыз алғыс айту күні

1 наурыз күні Елбасы бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтуді ұсынған еді. Алғыс айту күні- барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні ғана емес, бұл балалардың ата-анасына деген алғысы, әрбір адамның отбасына деген алғысы. Бұл күні кітапханамызда «Алғыс айту күні» атты акция өтті. Кітапханашылар өз оқырмандарын жылы шыраймен қарсы алып, оларға жаңа мереке туралы мәлімет беріп, Қазақстанда тұратын барша халыққа арналған кітаптармен таныстыра отырып 9 сынып оқушысы Абдрахман Тоқжан мен Оразалы Айша «Туған еліме мың алғыс» тақырыбында жазған эсселерімен акцияға келген қонақтарды тәнті етті. Давлатназарова Кутилебика алғыс күніне орай елбасы Н.Назарбаевқа арнау оқыды. Акцияны қорытындылай келе, кітапханашы К.Ибадильдаева бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, кеш қонақтарына оқушылардың өз қолымен жасалған гүлдерін табыс ете отырып, ризашылығын жеткізді.
Соңында «Рухани азықтың бастауы-кітапхана» атты кітап көрмесіне қойылған жаңа оқулықтарға библиографиялық шолу жасалды.
Орындаған: К.Ибадильдаева